Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376-59-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 376-58-08
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2022

Бірінші сынып оқушылырының құжаттарын қабылдау.



Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
     Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
    Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
      *  Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
      *  Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
      *  Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      *  «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
      *  063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
      *  3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.