05
февраль
2020
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өткізілген «Барлығы махаббаттан басталады» атты аудандық байқау өтті
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 01-15-5-12/238-и хатына сәйкес Бостандық ауданы №63 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылы 05 ақпан күні «Барлығы махаббаттан басталады» атты аудандық іс-шарасы өткізілді.Шараның басты мақсаты – Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен қамқорлық жасау, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге баулу.
Іс-шара төрт жанр бойынша өткізілді. Аудан бойынша №191,189,10,69,138,38,146,68,23,125,60,22,21,65,63 мектептері қатысты. Барлығы 15 мектеп, 23 қойылым болды.
Бірінші жанрда би байқауы бойынша 6 мектеп өнер көрсетті. Екінші жанрда театрландырылған көрініс байқауы бойынша 2 мектеп қатысты. Үшінші жанрда ән байқауы бойынша 13 мектеп қатысты. Төртінші жанрда аспапта ойнау байқауы бойынша 2 мектеп өнер көрсетті.
Қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Барлық қойылымдар тақырыпқа сай өз деңгейінде өтті.
Әділқазы алқалары қатысушыларымыздың әділ бағасын шығарып, I,II,III орындары мен белсенді қатысқандары үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.
I – жанрда Би байқауы
II – жанрда Театрландырылған Көрініс байқауы
II – жанрда Театрландырылған Көрініс байқауы
III – жанрда Ән байқауы